ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Шортанды №3 жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында білім алушыларға қолайлы орта қалыптастыру, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау бағытындағы маңызды мәселелер қаралды.
Қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп өміріне белсенді араласып, оқушылардың игілігіне бағытталған ұсыныстарын білдірді.
Бірлескен жұмыс – мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайтып, жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына мүмкіндік береді.
Бала болашағы – баршамызға ортақ жауапкершілік!
