Желідегі қауіпсіздік – басты назарда!
Желідегі қауіпсіздік – басты назарда!
28 қыркүйек күні 8 «А» сыныбында сынып жетекшісі Аманжол Ақботаның өткізуімен «Желідегі қауіпсіздіктің алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушыларға ғаламтор кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері, жеке мәліметтерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен бейтаныс адамдардан келетін хабарламалардан сақтану, әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану туралы түсінік берілді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, желідегі қауіптердің алдын алу жолдары бойынша пікір алмасты.
Қауіпсіз интернет – саналы қолданушыдан басталады!
