Зайтхан Нұрғали

Ұстаздар күніне орай мектебіміздің математика пәні мұғалімі Зайтхан Нұрғали білім беру саласындағы белсенді еңбегі, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге қосқан үлесі және кәсіби шеберлігі үшін мектеп директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ұстаздың шәкірттері ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, білімдерін жоғары деңгейде дәлелдей білді. Бұл – мұғалімнің жүйелі еңбегі, ізденісі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі.
Шәкірт жетістігі – ұстаз еңбегінің ең үлкен бағасы. Зайтхан Нұрғали ұстазға еңбегі үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен шәкірттерінің биік белестерді бағындыруын тілейміз!