Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (ППҚҚ) отырысы

Мектебімізде Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (ППҚҚ) отырысы өткізілді.
Отырыс барысында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері қарастырылып, мамандардың өзара іс-қимылы мен алдағы жұмыс бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар ерекше назарды қажет ететін білім алушыларға қолдау көрсету, олардың білім беру ортасына бейімделуіне жағдай жасау, тілдік және әлеуметтік-психологиялық кедергілерді еңсеру жолдары бойынша пікір алмасып, бірлескен жұмыс алгоритмдері қарастырылды.
ППҚҚ жұмысының негізгі мақсаты -әрбір білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және қажетті қолдауды жүйелі түрде ұйымдастыру.