Республика күні – еліміздің мерейі, тәуелсіздігіміздің тірегі!
19 қазан күні 4"Ә" сыныбында тәрбие сағаты өтті.
Тақырыбы: «Республика күні – еліміздің мерейі, тәуелсіздігіміздің тірегі!»
Мақсаты: Оқушыларға Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін құрметтеуге тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, елін мақтан тұтатын патриот азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
