Цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету

11-сынып оқушыларымен цифрлық ортада қауіпсіз әрекет етуге арналған сынып сағаты өткізілді. Оқушылар жеке деректерді қорғау, сенімді құпиясөз құру, күмәнді сілтемелерді ажырату және әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелесті.
Сынып сағаты барысында оқушылар түрлі жағдаяттарды талдап, интернетте кездесетін қауіптерден сақтану жолдарын талқылады. Бұл кездесу олардың цифрлық сауаттылығын арттырып, желіде жауапкершілікпен әрекет етуіне бағытталды.