Айят Цэрма

Ұстаз үшін шәкіртінің жетістігін көруден асқан қуаныш жоқ. Әрбір жоғары нәтиженің артында ұстаздың маңдай тері, ізденісі мен шәкіртіне деген сенімі жатыр.
Ұстаздар күніне орай мектебімізде өз ісіне жауапкершілікпен қарап, шәкірттерінің білім сапасын арттыру жолында нәтижелі еңбек етіп жүрген ұстаздар марапатталды.
Айят Цэрма ұстаз 11-сынып оқушыларының ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетуіне және білім грантының иегері атануына қосқан еңбегі үшін мектеп директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл марапат – ұстаздың кәсіби білімі мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Шәкіртінің жоғары нәтижесі мен грант иегері атануы – ұстаз үшін де, мектеп үшін де үлкен мақтаныш.
Айят Цэрма ұстазға еңбегі үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен шәкірттерінің толағай жетістіктерін тілейміз!