Еркинбек Данагүл
Ұстаздар күніне орай мектебіміздің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Еркінбек Данагүл өз қызметін жоғары жауапкершілікпен атқарып, бүлдіршіндердің білім әлеміне алғашқы қадамын нық басуына бар күш-жігерін жұмсап келеді.
Данагүлдің еңбекқорлығы, жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығы күнделікті жұмысынан анық көрінеді. Әрбір баланың жеке қабілеті мен қызығушылығын ескеріп, олардың мектепке бейімделуіне, білім алуға деген қызығушылығының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі.
Балалардың алғашқы ұстазы ретінде олардың бойына біліммен қатар әдептілік, ұқыптылық, достық пен адамгершілік құндылықтарын сіңіруде аянбай еңбек етіп келеді.
Өз қызметін жауапкершілікпен атқарып, жас ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына қосқан үлесі, еңбексүйгіштігі мен кәсіби шеберлігі үшін Еркінбек Данагүл мектеп директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл марапат – өз ісіне адал, әр жұмысын тиянақты атқаратын еңбекқор маманның еңбегіне берілген лайықты баға
