Хабалғажы Талас

Мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі Хабылғажы Талас білім беру саласындағы адал еңбегі, кәсіби қызметке қосқан үлесі және шығармашылық бағыттағы нәтижелі жұмысы үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Көркем еңбек пәні – оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыратын, еңбекке баулып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды пәндердің бірі. Осы бағытта шәкірттерінің шығармашылық қабілетін шыңдап, өнерге деген қызығушылығын арттыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген Хабылғажы Талас ұстаздың еңбегі ерекше.

Ұстаздың бұл марапаты – кәсіби шеберлігі мен ізденісінің, өз ісіне деген жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігінің лайықты бағасы.

Құрмет грамотасы құтты болсын!
Жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, шәкірттерінің жарқын жетістіктері мен жаңа белестер тілейміз!