Хызмет Айжан

Ұстаздар күніне орай мектебіміздің кәсіптік бағдар беру маманы Хызмет Айжан өз қызметін жоғары жауапкершілікпен атқарып, оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беріп, жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Хызмет Айжанның еңбекқорлығы, жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығы әрбір атқарған жұмысынан көрініс табады. Оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, олардың қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, мамандық таңдауға бағыт беру – үлкен ізденіс пен табандылықты талап ететін жауапты жұмыс.
Кәсіптік бағдар беру бағытындағы белсенді қызметі, жас ұрпақтың болашағын айқындауға қосқан үлесі және еңбексүйгіштігі үшін Хызмет Айжан мектеп директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл марапат – өз ісіне берілген, әр жұмысты тиянақты әрі үлкен жауапкершілікпен атқаратын маман еңбегінің лайықты бағасы.
Айжанға еңбегі үшін алғыс білдіріп, кәсіби қызметіне толағай табыс тілейміз!