Аманжол Ақбота
Шәкірті шыңға шыққан ұстаздың еңбегі – қашан да мәртебелі. Облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздарын баптап, білім мен тәрбие беріп келе жатқан ұстазымыз Аманжол Ақбота кезекті зор қуанышқа бөленді!
Ақмола облысының білім басқармасы тарапынан ұстазымызға білім беру мен тәрбиелеу бағдарламаларын нәтижелі жүзеге асырғаны, жоғары кәсіби шеберлігі және сапалы білім беруге қосқан сүбелі үлесі үшін Алғыс хат табысталды.
Бұл – тынымсыз ізденіс пен табанды еңбектің, дарынды шәкірттерді тәрбиелеудегі биік асулардың лайықты бағасы!
Ақбота ұстазға сарқылмас қуат, шығармашылық серпін, отбасыңызға амандық тілейміз! Шәкірттеріңіз тек облыстық, республикалық емес, халықаралық додаларда да топ жара берсін!
