Отбасындағы сыйластық»

7 қыркүйек күні 5 «А» сыныбында «Отбасындағы сыйластық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатын сынып жетекшісі Озат Ақбота өткізді.
💐 7–13 қыркүйек аралығында мектебімізде Отбасы күніне орай отбасы құндылықтарын насихаттауға, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
🔹 7 қыркүйек – «Ұрпақтар диалогы: біз бір-бірімізден не үйрене аламыз?»
🔹 8 қыркүйек – «Әке мен бала: әкенің бала тәрбиесіне араласуы, қамқорлығы және қатысуы»
🔹 9 қыркүйек – «Әке + бала: бірге өткізген 60 минут»
🔹 9 қыркүйек – «Ата-аналар да шаршайды»
🔹 10 қыркүйек – «Балаға айқайламай қалай тәрбие беруге болады?»
🔹 10 қыркүйек – «Баланың дамуы: не қалыпты, ал қай кезде көмек қажет?»
🔹 11 қыркүйек – «Бала зорлық-зомбылықтың куәгері болмауы тиіс»
🔹 11 қыркүйек – «Отбасы – бұл команда»
🔹 13 қыркүйек – «Телефонсыз бір кеш»
Отбасы – мейірімнің мекені, сыйластықтың негізі және бала үшін ең қауіпсіз орта.