«Лудоманияның алдын алу. Лудомания – тәуелділікке апаратын жол»

9 «Ә» сыныбында «Лудоманияның алдын алу. Лудомания – тәуелділікке апаратын жол» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға лудоманияның, яғни құмар ойындарға тәуелділіктің зияны туралы түсінік беру және оның алдын алу. Оқушыларға құмар ойындардың адам өміріне, денсаулығына, оқуына және отбасына кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылар өз уақытын тиімді пайдалану, бос уақытты пайдалы істерге арнау және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы пікірлерімен бөлісті.
Сабақ соңында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану және жауапты шешім қабылдау жөнінде кеңестер берілді.