Рашатхан Айнагүл
«Ұстаз – ұлы есім». Бұл есімнің салмағы мен жауапкершілігін терең сезініп, білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген ардақты ұстазымыз, мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рашатхан Айнагүл мемлекеттік дәрежедегі жоғары марапаттың иегері атанды!
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Айнагүл ұстазымыз ел дамуына қосқан ерен еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл марапат – тек Айнагүл ұстаздың ғана емес, бүкіл ұжымның, шәкірттердің ортақ қуанышы мен мақтанышы. Бұл – ұлттық рухымыздың өзегі – ана тіліміз бен әдебиетімізді шәкірт жүрегіне ұялатып, білім мен тәрбие берер жолда өзіндік қолтаңбасын қалдырған білікті басшының лайықты бағасы!
Құрметті Айнагүл ұстаз!
Сізді осынау мәртебелі, қуанышты марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге және отбасыңызға мықты денсаулық, шаңыраққа шаттық, алдағы қызметіңізге толағай табыстар тілейміз! Шәкірттеріңіз биіктерді бағындырып, абыройыңызды асыра берсін!
Ерен еңбегіңіздің жемісі құтты болсын!
