Санай Келдігүл
Ұстаздар күніне орай мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Санай Келдігүл жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегі, шәкірттерін білімге баулып, олардың жан-жақты дамуына қосқан үлесі үшін мектеп директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бастауыш сынып – баланың білім әлеміне алғашқы қадам басатын маңызды кезеңі. Осы кезеңде шәкірттерінің бойына біліммен қатар адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, әр баланың қабілетін дамытуға бағытталған ұстаз еңбегі ерекше.
Санай Келдігүл ұстазға шәкірт тәрбиелеудегі еселі еңбегі үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен шәкірттерінің жарқын жетістіктерін тілейміз!
