​Анесий Азамат

Білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып, мектеп ұжымының ауызбіршілігі мен әлеуметтік әріптестікті нығайтуда аянбай еңбек етіп жүрген мектебіміздің басшысы Анесий Азамат мәртебелі марапат төрінен көрінді!
Ұстаздар қауымының мерейлі мерекесі қарсаңында ол кісіге «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» арнайы төсбелгісі салтанатты түрде табысталды.
Бұл мәртебелі марапат – білікті басшының іскерлігі мен парасатына, әрбір қызметкердің жағдайын ойлап, еңбек адамының мәртебесін көтеру жолындағы табанды да қажырлы еңбегіне берілген лайықты баға!
Құрметті Азамат мұғалім, сізді осынау жарқын жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге сарқылмас күш-қуат, мықты денсаулық, отбасыңызға амандық пен береке тілейміз. Білім ошағымызды жаңа биіктерге бастап, шәкірттеріміз бен ұжымымызды қуанта берер еңбегіңізге әрдайым сәттілік пен жеңістер серік болсын!
Еңбегіңіз жана берсін, марапатыңыз құтты болсын!