Мұрат Замира
Ұстаз еңбегінің ең үлкен жемісі – шәкіртінің жетістігі. Ұстаздың берген білімі мен бағыт-бағдары, шәкіртінің биік нәтижелерімен өлшенеді.
Ұстаздар күніне орай мектебімізде білім беру саласында нәтижелі еңбек етіп, шәкірттерінің білім сапасын арттыруға және болашағын айқындауға үлес қосып жүрген ұстаздар марапатталды.
Атап айтқанда, Мұрат Замира 11-сынып оқушыларының ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетуіне және білім грантының иегерлері атануына қосқан елеулі еңбегі үшін мектеп директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл – ұстаздың кәсіби білімі мен қажырлы еңбегінің, шәкіртіне деген сенімі мен жауапкершілігінің нақты нәтижесі. ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, грант иегері атанған шәкірт – мектеп үшін үлкен мақтаныш, ал оның жетістігіне үлес қосқан ұстаз үшін баға жетпес еңбек жемісі.
Шәкіртін биік белестерге жетелеп, білімге құштарлығын арттырып, болашағына жол ашқан Замира Мұратқызына еңбегі үшін алғыс білдіреміз!
Ұстаз еңбегі әрдайым шәкірт жетістігімен бағалана берсін!
