Асабей Еркебулан

Мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Асабей Еркебұлан Шортанды аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды!
Аудандық деңгейде еңбегі бағаланған әріптесіміз өсіп келе жатқан жас ұрпақты дене тәрбиесіне баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда, мектептің спорттық жетістіктерін арттыруда үлкен үлес қосып келеді.
Құрметті Еркебұлан ұстаз! Сізді Шортанды аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті, шәкірттеріңіз әрдайым аудандық, облыстық, республикалық сайыстарда биік тұғырлардан көріне берсін