Нурсолтан Ермек

Ұстаздар күні қарсаңында абыройлы еңбегімен танылып, өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын дарытып жүрген әріптесіміз Нұрсолтан Ермек ерекше марапатқа ие болды.
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ тарапынан Құрмет грамотасымен марапатталған әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат – Нұрсолтан Ермектің жоғары кәсіби шеберлігінің, білім алушылардың дене тәрбиесі мен спортын дамытуға қосқан елеулі үлесінің және жас ұрпақты салауаттылыққа тәрбиелеудегі қажырлы еңбегінің айқын дәлелі.
Әріптесімізге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жаңа кәсіби жетістіктер, шәкірттерінің алғысы мен толағай табыстар тілейміз! Еңбегіңіз жана берсін!