Өнерхан Айнұр

Ұстаздар күніне орай мектебіміздің география пәні мұғалімі Өнерхан Айнұр кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісі, білім беру саласына қосқан үлесі үшін мектеп директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Өнерхан Айнұр ұстаз өз пәнін оқытумен қатар, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Оның жетекшілігімен оқушылар ғылыми жобаларда жүлделі орындарға ие болып, өз білімдері мен ізденістерін жоғары деңгейде көрсетті.
Сонымен қатар, ұстаздың облыстық авторлық бағдарлама байқауында III орын иеленуі – кәсіби ізденісінің нәтижесі. Мектептің шығармашылық өміріне де белсенді араласып, театр бағытындағы облыстық байқауда Гран-при жүлдесін иеленуі – оның жан-жақты қырын айқындай түседі.
Бұл жетістіктер – ұстаздың ізденісі, еңбекқорлығы мен өз кәсібіне деген сүйіспеншілігінің нәтижесі.
Өнерхан Айнұр ұстазға еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да биік белестерден көрінуіне, шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістерге жетуіне тілектеспіз!