Зайтхан Қажығали
Мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Зайтхан Қажығали білім беру жүйесіндегі адал еңбегі және кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ-нің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл – ұстаздың өз кәсібіне деген жауапкершілігі мен тынымсыз еңбегінің, білім алушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген қызығушылығын арттыру жолындағы ізденісінің лайықты бағасы.
Дене шынықтыру пәні – оқушының денсаулығын нығайтып қана қоймай, оның бойында табандылық, тәртіп, төзімділік пен командалық рух қалыптастыратын маңызды бағыт. Осы жолда шәкірттеріне үлгі болып, спортқа баулып жүрген Зайтхан Қажығали ұстаздың еңбегі зор.
Құрмет грамотасы құтты болсын!
Жаңа оқу жылында да толағай табыстар, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
