Педагогикалық кеңес №2

№2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
Мектебімізде «Білім сапасын басқару: дерек, талдау және педагогикалық шешім» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес барысында білім сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер қарастырылып, І тоқсанның қорытындысы бойынша 2-11-сынып оқушыларының білім сапасына мониторинг нәтижелері талданды.
Сонымен қатар, оқушылар мен мұғалімдердің пәндік олимпиадалар мен шығармашылық байқауларға қатысу нәтижелері, жетістіктері сараланып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды. Сондай-ақ тәрбие жұмысының тиімділігі, патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиені дамыту, ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру жолдары талқыланды.
Педагогикалық кеңестің басты мақсаты – білім беру сапасын жетілдіру, оқушылардың жетістіктерін арттыру және оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру.
Бірлескен талдау мен жүйелі жоспар – сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізі!