Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
Мектеп қабырғасында өскелең ұрпақтың бойына адалдық, әділдік пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді дарыту — басты міндеттердің бірі. Осы орайда 8 «А» сыныбында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кезекті қауіпсіздік сабағы болып өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабын түсіндіру және адал еңбек пен тазалықты ту еткен азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру.
