4 "Ә"сынып оқушыларының ата-аналарымен кезекті жиналыс
4 "Ә"сынып оқушыларының ата-аналарымен кезекті жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында оқу-тәрбие үдерісіне қатысты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды.
Атап айтқанда, оқушылардың мектеп формасын талапқа сай киюі, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтауы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар әр пән бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында аралық бақылау жұмыстары алынатыны айтылды.
Оқушылардың күнделікті сабаққа уақытылы және толық дайындалуы, қажетті оқу құралдарын алып келуі, үй тапсырмаларын орындауы, сабаққа жауапкершілікпен қатысуы мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді.Жиналыс мазмұнды әрі нәтижелі өтті.
Күні: 24.09.2026ж.
Сынып жетекшісі: Санай К
