ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС – КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА ҚАДАМ
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС – КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА ҚАДАМ
Бүгін мектебімізде әдістемелік кеңес отырысы өтті. Отырыста №125 бұйрықтағы жаңашылдықтар, 2–4-сынып оқушыларын бағалау ерекшеліктері, №348 бұйрық пен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары, пәндік апталықтарды өткізу және мұғалімдердің жыл бойы атқаратын әдістемелік жұмыстары талқыланды.
Мектеп директоры Анесий Азамат педагогтің өзін-өзі дамытуының негізгі бағыттарына тоқталып, кәсіби және әдістемелік шеберлікті жетілдіру, психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті арттыру, цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгерудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жеке даму жоспарын құру, курстарға қатысу, кәсіби әдебиеттер оқу, тәжірибе алмасу және өз жұмысына тұрақты рефлексия жасау бойынша ұсыныстар берілді.
Кеңестің практикалық бөлімінде жас мамандар Шәди Жандос пен Аманжол Ақбота жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану бойынша әріптестеріне практикалық тапсырмалар орындатып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, кеңес барысында 2025–2026 оқу жылында аттестаттаудан өткен мұғалімдерге біліктілік санаты туралы куәліктер салтанатты түрде табысталды. Әріптестеріміздің кәсіби жетістігі – үздіксіз ізденіс пен еңбектің нәтижесі. Педагогтерімізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілейміз!
Үздіксіз ізденіс, тәжірибе алмасу және жаңашылдық – педагогтің кәсіби дамуының негізі!
