«Ана тілі – асыл қазына» тақырыбында шығарма байқауы

Тілдер онкүндігіне байланысты бастауыш сынып мұғалімдері Хавдолда Ханат пен Санай Келдігүлдің ұйымдастыруымен 3–4 сынып оқушылары арасында «Ана тілі – асыл қазына» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін түсіндіру, сауатты жазуға, өз ойын жүйелі әрі көркем жеткізуге баулу.
Шығарма байқауына 3–4 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз ойларын шығармашылық тұрғыда жеткізе білді. Оқушылар ана тілінің адам өміріндегі маңызы, тілдің ұлттың рухани қазынасы екендігі туралы өз пікірлерін жазды. Жұмыстарынан оқушылардың тілге деген құрметі мен қызығушылығы байқалды.
Іс-шара барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері, сөздік қоры, ой жүйелілігі мен сауатты жазу дағдылары дамыды. Байқау оқушылардың ана тілін бағалай білуіне және оны құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.
Қорытындылай келе, «Ана тілі – асыл қазына» атты шығарма байқауы мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.