Мәнерлеп оқу байқауы

Мемлекеттік тілдің мерейін асырып, оны жүрекпен сүю – әрбір жас ұрпақтың азаматтық борышы. Бұл іс-шара оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, оны аяққа баспай, мәртебесін әрдайым биік ұстауға, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелейді. Тілге деген құрмет – елге, жерге деген құрметтен басталады.
Балалардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп, сөздік қорын молайту арқылы олардың тілдік ортада еркін әрі сауатты қарым-қатынас жасауына жол ашылады. Ал ана тіліндегі өлеңдерді мәнерлеп оқу, ондағы екпінді дұрыс қоя білу және өзгелердің оқу мәнерін бағалау дағдылары оқушылардың көркемсөз өнерін игеріп, ішкі сезімін тіл көркемдігі арқылы әсерлі жеткізуіне мүмкіндік береді.