Collaborative planning (бірлесіп жоспарлау)

Заманауи білім беру жүйесі ұстаздан тек жеке дара дамуды емес, командамен жұмыс істеуді талап етеді. Осы орайда мектебімізде халықаралық деңгейдегі маңызды бастама – «School-based Continuing Professional Development» жобасы қарқынды жүзеге асуда.
Жоба аясында баса назар аударылып жатқан негізгі бағыттардың бірі – Collaborative planning (бірлесіп жоспарлау). Бұл әдіс мұғалімдердің бірлесіп отырып сабақ сценарийлерін құруына, тәжірибе алмасуына және әрбір оқушының қажеттілігіне сай тиімді стратегиялар табуына жол ашады.
Республика бойынша тек 30 мектептің қатарына еніп, Ақмола облыстық «Өрлеу» институты мен Британдық Кеңестің (British Council) қолдауымен бұл тәжірибені мектебімізде қолдану – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік.
Ұстаздардың кәсіби өсуі – сапалы білімнің кепілі!