ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ.
ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ.
Мектебімізде педагогтерді аттестаттаудан өткізудің пилоттық жобасына байланысты педагогтер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында педагогтерді аттестаттаудың жаңа тәртібі, пилоттық жобаға қатысу талаптары, өтініш беру кезеңдері және аттестаттау үдерісінің негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.
Педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды. Түсіндірме жұмыстарының негізгі мақсаты – педагогтерге пилоттық жобаның талаптарын жан-жақты түсіндіру және аттестаттау үдерісіне сапалы дайындалуына әдістемелік қолдау көрсету.
Түсіндірме жұмыстары педагогтердің кәсіби дамуына және аттестаттау рәсімінен өтуге қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталды.
